Хавьер «Хави» Эрнандес

14.08.2011, 00:34
Хавьер «Хави» Эрнандес
Хавьер «Хави» Эрнандес Креус - Испан футболшысы. 1980 жылы 25 қаңтарда Испанияның Террасса қаласында дүниеге келген. «Барселонаның» жартылай қорғаушысы, дәл әрі уақтылы берілген пастың хас шебері болып саналады. Орталық алаңның қожайыны «таза каталондықты» жасыл майданда айырып алу оңай: допқа иелік етуде аса ұқыпты, жоғары техникалы әрі еңбекқор Хави қазіргі әлемдік футболда аса күшті ойыншылардың қатарында. Жасөспірімдерден «Барселонаның» негізгі құрамына барар жол Барлық футболшылық кәсібін «Ноу Кампта» өткізген Хави «Барселона» құрамында 11 жасынан бастап өнер көрсетіп келеді. Каталондықтардың алғашқыда жастар, одан соң қосалқы құрам командасы бағытындағы жолдан тез өтіп, Хорхе Гонсальво басқаруындағы «Барселона Б» командасының негізгі ойыншылардың біріне айналды. Онда да жоғары сапалы футбол көрсетіп, тұңғыш рет 1998 жылы 19 тамызда бас команда құрамынан көрінеді. «Барселонаның» негізгі құрамындағы өзінің алғашқы маусымында «Мальоркаға» қарсы Испания Суперкубогы үшін кездесуде Хавьер Эрнандес тұңғыш мергендігімен танылды. Луи ван Гааль тұсында Хави орталық алаңның негізгі ойыншысы болды. Каталондықтардың белді ойыншысы Бапкерлер ауысып тұрғанымен, Хави үнемі «Барселонаның» негізгі құрамынан орын алатын. Оның тұсында каталондықтар 5 бапкер ауыстырып үлгерді: Луи ван Гааль, Карлес Рексач, Радомир Антич, Франк Райкаард және Хосеп Гвардиола. Осыдан сәл уақыт алдында Хави «Барса» үшін өткізген ойындар саны бойынша Каталонияның аңызға айналған ойыншысы «Пеп» Гвардиоланың көрсеткішімен теңесті – 384 ойын. Бұл нәтижеге ол 9 жыл, 3 ай уақыт ішінде қол жеткізді. Қазіргі Еуропа Чемпиондары Кубогының иегерлері үшін өткізген ойындар саны бойынша Эрнандес тек 7 ойыншыны ғана алдына салады: Мигели, Рексач, Амор, Субисаррета, Сегарра Рифе, Алесанко мен Асенси. Испания құрамасы немесе отансүйгіштік неден басталады? Испания құрама командасында Хави Эрнандес алғашқы ойнын 2000 жылы 15 қарашада Голландия құрамасымен өткізеді. Сол кезден бастап жартылай қорғаушы құрамаға тұрақты түрде шақыртылып отырады. Испания бас командасымен оның қарым-қатынасы әр кезде де бір қалыпты болды десек, қателесеміз. Оның отансүйгіштігі жайында мадридтік қауымның күдікті кездері болған еді. «Маған осындай жала жабу үлкен қателік. Мен «Барса» ойыншысымын, мен каталондықпын және мен Испания құрамасының намысын қорғап келемін. Маған және Пуйольге, сендер құрама сапында бар күшін сала ойнамайсыңдар дейді, бірақ біз ондай пікірдің қате екендігін бір емес, бірнеше рет дәлелдедік деп санаймын», - дейді жартылай қорғаушы. Тіпті, Хавидің гетры киісінің өзінен мән іздегендер табылады. Ол құрама кездесулерінде гетрыларын испан байрағы бейнеленген тұсын қайыра киетін әдеті бар. Оған Эрнандес: «Мен үнемі гетрыді осылай қайыра киемін. Испанияның жасөспірімдер құрамасында ойнаған кезімнен бастап, бір реңкті гетры кигенді ұнатамын», - деген жауап қайтарады. «Қызыл фурияның» футбол «Олимпін» бағындыруы 2006 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында Хавьер жарақат алғанына байланысты оған әлемдік форумға бармау қаупі төнді. Бірақ, жазға дейін жарақатынан айығып, Луис Арагонес ұлттық команда құрамына енгізеді. Турнир барысында командалас достарына дәл пастар бергендігімен испандықтар үшін өзінің маңыздылығын танытты. Украинамен өткен алғашқы кездесуде Эрнандес үздік ойыншы болып танылды. Алманияда ол командасының барлық ойындарына қатысып, өкінішке орай, сол турнирдегі «Қызыл Фурияның» жолын 1/8 финалда Зинедин Зидан бастаған Франция бөгейді. Ал, екі жылдан соң Еуро-2008 финалдық турнирінде Испания өзіне лайықты қарсылас кездестірместен, Еуропа чемпионы атанады. Ал, Хавидің Аустрия мен Швейцарияда өткен доданың үздік футболышысы болып танылғаны бәрімізге мәлім. Ал, 2010 жылы Оңтүстік Африкада бәрінен оза шығып, әлем чемпионы атанған Испанияның Хави бастаған орталық шебі, шынымен, керемет өнер көрсетті. (Википедия) Жетістіктері: Испания құрамасында 101 ойын өткізіп 9 гол иесі атанды. Барлығы 482 кездесу өткізіп, 47 гол салған. Ұлттық құрамамен жеткен жетістіктері: Жастар арасындағы ӘЧ жеңімпазы: 1999 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері : 2000 Еуропа чемпионы: 2008 Әлем чемпионы: 2010 Барселона сапында жеткен жетістіктері: Чемпиондар лигасы  (3): 2005/06, 2008/09,  2010/2011 УЕФА суперкубогі : 2009 Испания чемпионы (6): 1998/99, 2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/2011 Испания кубогі: 2008/09 Испания суперкубогі  (4): 2005, 2006, 2009, 2010 Клубтар арасындағы Әлем біріншілігі: 2009 Жеке жетістіктері: Еуро-2008 үздік ойыншы Испания біріншілігінің үздік жартылай қорғаушысы : 2008/09 "France Football" журналының пайымдауы бойынша Еуропаның 3-ші үздік ойыншысы  2010 FIFA-ның шешімі бойынша әлемнің үздік ойыншысы: 2008, 2009. FIFA-ның шешімі бойынша әлеснің симболдық құрамасының капитаны: 2008 FIFA-ның шешімі бойынша әлеснің симболдық құрамасының сапына ілікті: 2009,  2010 FIFA-ның шешімі бойынша әлемнің үздік жартылай қорғаушысы: 2009 IFFHSтың шешімі бойынша әлемнің үздік плеймейкері : 2010 football-all.at.ua
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×