Қазақстан құрамасы үшін 2021 жыл аяқталды. 10 ойын өткіздік. 3 тең матч, 1 жеңіс. 6 ойын жеңіліп қалдық. Дегенімен, біз кімдерге жеңілдік? Өте мықты ұжымдарға есе жібердік. Франция, Босния, Финляндия секілді командалар әлем футболының тегеурінді командалары. 2021 жылдың тек соңғы жағында ғана шаршап қалдық. Әйтпесе бәрі жақсы болды.
Ал енді 2022 жыл қалай болмақ? Соны ойлап көрейікші. Көктемде Молдовамен Ұлттар лигасы сайысы аясында матч өткіземіз. Одан кейін сол Ұлттар лигасының өзге де матчтары басталады. Жазда қатарынан 2-3 ойын өткіземіз. Қазақстан құрамасы жастарға сенім арта алады. Мысалы, Әлібек Қасым, Мақсат Тәйкенов, Еркін Тапалов секілді ойыншылар бар. Енді оларға көмек көрсететін, Еуропада ойнап жүрген футболшылар қажет. Ұлттық құрамалар департаменті Германияда, Чехияда, Ресейде ойнап жүрген қандастарды тартуы тиіс. Меркель, Бауэр, Зуев, Медведев секілді ойыншыларды тартсақ жаман болмас еді? Себебі қазір Қазақстанда олардың деңгейінде ойнайтын футболшы жоқ. Талантты жастар да өсіп келе жатқан жоқ. Жастар мен жасөспірімдер құрамасының нәтижелерін қараңыздар. Бәрі соңғы орында келе жатыр.
Енді футболшылар жоқ болса, мен бапкер, не істей аламын? Ал өздеріңіз айтыңыздаршы?
Біздің серіктес: FONBET