Құрбан Бердыев: «Жеңіліске лайық болмадық»

27.04.2022, 14:12
Алматылық клуб кеше пенальтиден гол соға алмай, маусымдағы екінші жеңілісіне ұшырады.
Құрбан Бердыев: «Жеңіліске лайық болмадық»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында «Ордабасымен» болған ойынды (1:2) қорытындылады:

- Менің ойымша, бүгін біз жеңіліске лайық болмадық. Кейбір сәттерде шабуылды түйіндей алмай жаттық, ал кейбір тұстарда қарсыластың қақпашысы тамаша ойнады. Ойыншылар алаңда бар күшін салып, беріліп ойнады.

Енді «Қызыл-Жармен» болатын ойынға дайындалу қажет, жіберілген қателіктерді пысықтап, дұрыс қорытынды жасауға тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×