Қылкөпірден кім аман өтеді?

13.11.2013, 02:00
Қылкөпірден кім аман өтеді?

Осы жүмада 2014-жылғы Әлем чемпионатының соңғы қатысушылары анықталады. Кәрі қүрлықта 4 елде өте тартысты ойындар өтпек. Бұл матчты барлығы да тағатсыздана күтуде. 15-қараша күні барлық футбол барлары қызу жұмыс жасап, букмекерлік кеңселер кезекпен бәс қабылдайтын болады. Олардың қатарында қазақстандық жанкүйерлер де бар. осы орайда біз сайт оқырмандары үшін қай ойындарға бәс тіккен дұрыс деген мәселеге тоқтала кетпекпіз.

15 қараша

Португалия - Швеция 1-матч

15 қараша

Украина - Франция 1-матч

15 қараша

Грекия - Румыния 1-матч

15 қараша

Исландия - Хорватия 1-матч

Португалия - Швеция

Криштиану мен Ибрагимович секілді мықты футболшылары бар екі команда бір-бірінің жүйкелерін әбден құртайын деп тұр. Бірақ, дей тұрғанымен теке тірес фавориті ретінде Португалия қарастырылатыны түсінікті. Бұл команданың қорғанысы да, шабуылы да өте мықты орындаушылардан тұрады. Сондықтан біз төменде көрсетілген бәстерге сенуге болады деп есептейміз. Ж1 - 1.65, Тотал Португалия (1) көп - 1.32, Тот(2.5)  көп - 2.02

Украина - Франция

Украина кезінде Франциямен бір топта өнер көрсеткен. Андрей Шевченко мен Сергей Ребровтың кезінде украиналықтар жеңіліс тапқан болатын. Енді Ребровтың ойынша жаңа құрам Францияны жеңе алатын дәрежеде. оның үстіне өтпелі ойындарға көп қатысқан тәжірибие де жоқ емес. Сол матчтардың көбісінде Украиналықтар үнемі жеңіліп келген екен. Енді осы жолы бағымыз жанып, мундияльға қатысуымыз керек деп есептейді Сергей Ребров. Украина құрамасының бас бапкері Михаил Фоменко 25 ойыншыны құрамаға шақыртты. Оның ішінде жарақатына байланысты Денис Гармаш пен Евгений Селин жоқ.

Дегенмен франциялықтардың ойыншылары украиндерге қарағанда анағұрлым мықты ұжымдарда өнер көрсетеді. Және олар алғашқы ойынды Киевте өткізеді. оның өзі мықты ұжымға басымдылық бермек.

Украина соғады: иә - 1.48, Екеуіде соғады: иә - 2,  Х - 3.15

Грекия - Румыния

Грекия мұндай матчтарда өзін суда жүзген балықтай сезінетін әдеті бар. Таласып, тырмысып әйтеуір келесі кезеңге өтуді жақсы білетін команда. Соңғы ірі додаларды жібермей келе жатқан гректерге бұл жолы 94-жылы Әлем чемпионатына қатысқан румындар қарсы тұрмақ. Бұл командада Понтилимон секілді қақпашы болса, шабуыл өтінде стандартты жағдайлардың шебері, "Штутгарт" жартылай қорғаушысы Александру Максим ойнайды. Негізі екі команданың мүмкіндіктері бірдей. Дегенмен, бірінші ойында эллиндер жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысатын секілді.

Тотал (2.5) кем - 1.47, 1X - 1.26, Ж1 - 2.05 

Исландия-Хорватия

Хорватия құрамасы іріктеудегі соңғы екі ойыннан соң бас бапкер Игор Штимацты орнынан алып тастаған болатын Енді Исландия командасына қарсы өтетін ойындарда құраманы уақытша Нико Ковач жаттықтыратын болды. Модрич бастаған жігіттер аралдықтарды сыртта да, өз алаңында да ұта алатын деңгейде. Хорватия форамен (0) - 1.4, Х 1-ші таймда - 2.1, Хорватия 1 голмен жеңеді немесе тең ойнайды: иә - 1.7   ӘЧ-2014 Құрлықаралық өтпелі ойындар (13 және 20 қараша) Иордания - Уругвай Мексика - Жаңа Зеландия Африка (алғашқы ойындар нәтижелері) Нигерия - Эфиопия (2:1), жауапты матч - 16 қараша Сенегал - Кот-д'Иувар (1:3), жауапты матч - 16 қараша Камерун - Тунис (0:0), жауапты матч - 17 қараша Египет - Гана (1:6), жауапты матч - 19 қараша Алжир - Буркина-Фасо (2:3), жауапты матч - 19 қараша
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Ел футболының ертеңі
Aladop Youtube
×