"Қызыл сойқандарға" сәттілік жолдас болды

08.10.2011, 14:11
"Қызыл сойқандарға" сәттілік жолдас болды
Мирослав Беранек жасақтаған ұлттық құрама командамыз сырт алаңда Бельгия командасымен кездесіп 4:1 есебімен жеңіліп қалды. Негізгі құрамда бірнеше ойыншылар ауысқанын да байқадық. Осының алдында хабарлағанымыздай белді деген 4 ойыншымыз алаңға түрлі себептермен шықпайтын болған. Олардың орнына алынған, кеше алаңға шыққан ойыншылар түгелге дерлік өздерін ақтады деп айтуға болады. Осы жеңіліске жанкүйер қауым аса қатты өкініш білдіре қоймайды деген ойдамыз. Себебі барлық жағдайды алаңнан көрдік. Шама-шарқымыз сол. Дәл осы жолмен дамысақ түбі бір жеңіс болары хақ. Қақпаға Сидельников емес Цирин тұрса дегенбіз. Болжам 50 пайыз расқа айналды. Әйтеуір тілегеніміз Сидельниковтың орнына өзге қақпашы. Цирин одан кейінгі №1 кандидат еді. Бірақ Беранек мырза жас та болса бас болатын Логиновскийді тұрғызды. Тәжірибе осылай келмек қой. Әйтеуір масқара ұят голдар жібергеніміз жоқ. Оған да шүкір. Бельгия — Казахстан 4:1 (2:0) Голдар: Симонс  пенальти 40 (1:0), Азар 43 (2:0), Компани 49 (3:0), Евстигнеев автогол 84 (4:0), Нұрдәулетов 87 (4:1) Ескертулер: Карпович 40 — ван Буйтен 67 Алаңнан қуылған: Кургулин 59 Бельгия: Миньоле, Симан, ван Буйтен, Компани, Вертонген, Симонс (Дефур 75), Мертенс, Витсель, де Камарго (Огунжими 73), Азар (Оджиджа 63), Дембеле Қосалқы құрамда: Куртуа, Хуфкенс, Поконьоли, Лукаку Қазақстан: Логиновский, Киров, Мұхтаров, Көкеев (Нұрдәулетов 61), Карпович (Шахметов 75), Мұжықов, Тәжімбетов (Остапенко 57), Кургулин, Хижниченко, Рожков, Евстигнеев Қосалқы құрамда: Сидельников, Гурман, Нұрғалиев, Гридин Бас төреші: Милорад Мажич (Сербия) Қапталдағы төреші: Милован Ристич, Игор Радойчич (екеуі де — Сербия) 7 қыркүйек. Брюссель. «Руа Бодуэн».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×