Роберто Карлос: "Хави - бағасыз данышпан"

08.10.2011, 23:09
Роберто Карлос: "Хави - бағасыз данышпан"

Әлемді өз ойнымен көптеген жылдар бойы тәнті қылған бразилиялық жұлдыз, Әлем Чеипионы, «Мадридтік Реалдың» сапында көптеген жылдар бойы тер төккен Роберто Карлостың ойынша: "Хавидің Барселона сапындағы ерен еңбегі өзінің толықтай бағасын алмауда".

"Барселонаның ойынының жемісті де жеңісті болуы Хавидің арқасында. Барлелонаға қарсы ойнағанда ең бастысы Хавидің жанынан қалмау, оған бос жер, ойланып, пас жасауға уақыт бермеу керек. Оның Андрес Иньеста және Лионель Мессимен түсінушілігі керемет.  Хави - данышпан, бірақ та оның ойыны өз бағасына сай бағаланбауда".

Бүгінгі таңда Ресейлік "Анжи" командасында өнер көрсететін Карлос кейінгі жылдардағы «Барселона» мен «Реал Мадрид» командаларының бәсекелестігі жайлы былай деді: "Реалдың Испан Кубогындағы жеңісі команданың өз-өзіне деген сезімін оятты. Бірақ Кубоктағы жеңіс, Ел біріншілігіндегі, Чемпиондар Лигасындағы жеңіспен салыстыруға келмейді. Егер Реал болашақта Чемпиондар Лигасында немесе Ла Лигада жеңіске жетіп жатса, команданың сенімділігі әлдеқайда арта түсер еді. Реалдың сапында мықты ойыншылар көп, және Жозе Моуриньо әлемдегі ең үздік бапкер. Тек қана ойыншылар арасындағы түсінушілік жоғарғы дәрежеге көтерілген жоқ. Ал Барселонаның түсінушілігі өте жоғары. Сондықтан, Барселона бір қадамға болса да алда тұрады".

Абылай ҚАРИН.

Қарағанды қаласы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×