"Астананың" 22 жастағы шабуылшысы Семир Смайлагич "Қызыл-Жарға" ауысты, деп хабарлайды петропавлдық клубтың баспасөз қызметі.
"Астананың" босниялық ойыншысы Семир Смаилагич «Қызыл-Жар» командасында осы маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді.
Семир Смаилагич - "Сараевоның" түлегі. Ол сондай-ақ жергілікті "Младост" пен "Слобода" клубтарында доп тепкен.
Жалпы, Премьер-лиганың осы маусымында босниялық шабуылшы 11 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пасымен көзге түсті.
Біздің серіктес: FONBET