«Қызыл-Жар» мен «Ордабасы» ұпай бөлісті

25.07.2021, 01:14
Астанов соңғы екі матчта үш гол соқты.
«Қызыл-Жар» мен «Ордабасы» ұпай бөлісті

"Қызыл-Жар" Қазақстан Кубогінің үшінші турында "Ордабасыны" қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 17-минутында "Опдабасының" қорғаушысы Александр Клещенко екі бірдей ойыншыны алдап өтіп, айып алаңына пас асырды. Сұлтанбек Астанов бос қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды. Ал 43-минутта Сергей Хижниченконың қателігінен кейін петропавлдық клуб таразы басын теңестірді. Гол авторы - Дарко Зорич.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×