«Тоттенхэм» «Аталанта» қақпашысымен толықты

24.07.2021, 22:37
Лондондық клуб қақпашыны сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.
«Тоттенхэм» «Аталанта» қақпашысымен толықты

"Аталантаның" қақпашысы Пьерлуиджи Голлини "Тоттенхэмге" ауысты, деп хабарлайды лондондық клубтың баспасөз қызметі. Қақпашы жаңа командасында 2022 жылдың маусым айына дейін жалдау шарты бойынша өнер көрсетпек. Одан кейін "Тоттенхэмде" Голлиниді 15 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі пайда болады.

Өткен маусымда Голлини бергамолық клуб сапында жалпы 32 матч өткізіп, 32 гол жіберіп алды, ал 13 ойында өз қақпасын голдан аман сақтады. Transfermarkt порталы ойыншыны 17 миллион еуроға бағалайды.

Голлини "Аталантаға" 2017 жылы қосылды. Оған дейін "Астон Вилла" мен "Верона" клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×