Петропавлдық "Қызыл-Жар" командасы Қырғызстан ұлттық құрамасының 23 жастағы шабуылшысы Эрнист Батыркановпен келісім-шартты бұзатынын мәлімдеді.
Қос тарап өзара мәміле бойынша еңбек келісім-шартының күшін жойды.
Ойыншы "Қызыл-Жарға" биыл ақпан айында қырғызстандық "Дордой" клубынан еркін агент ретінде ауысқан еді. Петропавлдық клубта 8 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET