«Қызыл-Жар» 23 жастағы ресейлік шабуылшы Максим Чиканчимен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Ойыншы петропавлдық клубта 25-нөмірмен өнер көрсетпек.
Максим Чиканчи Молдовада дүниеге келген, бірақ футболдағы алғашқы қадамдарын мәскеулік «Локомотивтің» академиясында жасады. Сондай-ақ «Долгопрудный», «Кубань-Холдинг» командаларында ойнаған.
Шабуылшы соңғы кездері «Красава» клубының намысын қорғап жүрген еді, ол өткен маусымда 32 матч өткізіп, 11 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET