«Ақтөбе» мен «Тараз» тағы да тең түсті

Жамбылдық клуб ел кубогіндегі төрт матчта да жеңілмеді.

«Ақтөбе» мен «Тараз» тағы да тең түсті

«Ақтөбе» Қазақстан кубогінің төртінші турында «Таразбен» кездесті. Қобыланды батыр стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның қосымша уақытында Виталий Балашов Юрий Логвиненконың пасынан кейін есеп ашты. Бірақ 67-минутта Жақып Қожамберді жауапты голды соқты.

«Ақтөбе» – «Тараз» – 1:1

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым, Темірлан Ерланов, Ескендір Қыбырай (Әділхан Таңжарықов 82) – Юрий Логвиненко (к) (Йоахим Адукор 71), Рамазан Оразов (Максим Самородов 62), Арман Кеңесов (Руслан Камболов 71) – Виталий Балашов, Рожерио Шина, Жерар Гоу (Сердер Сердеров 62);

«Тараз»: Денис Кавлинов (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к) (Берік Айтбаев 19), Нұрлан Дайыров, Әділет Кеңесбек – Марат Шахметов, Абзал Таубай (Бектас Нұрдәулет 81) – Дінмұхамед Қараман (Қуаныш Қалмұратов 68), Жақып Кожамберді (Ермек Қуантаев 81), Абылайхан Жұмабек (Максим Дегтярёв 68);

0 пікір