Петропавлдық «Қызыл-Жар» Дарко Зорич, Алтынбек Сапаров және Нұрлан Дайыровтың командадан кететінін мәлімдеді.
28 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич өткен маусымда команданың көшбасшысына айналған еді. 20 матч өткізіп, 7 гол мен 3 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Жартылай қорғаушы Алтынбек Сапаров петропавлдық клуб жейдесінде 20 матчқа қатысты. 26 жастағы футболшы «Атыраудың» ОЖЖ-на шақырту алған екен.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрлан Дайыров өткен маусымды «Тұранда» (2 матч) бастаған еді. Кейін «Қызыл-Жарға» (21 ойын) ауысу туралы шешім қабылдады. Футболшыға «Каспий» мен «Атырау» клубтары қызығушылық танытуда.
Біздің серіктес: FONBET