«Қызыл-Жардың» бразилиялық шабуылшысы шетелдік клубқа ауысады

26.05.2021, 19:22
«Таразға» қарсы кездесу шабуылшы үшін соңғы матч болмақ.
«Қызыл-Жардың» бразилиялық шабуылшысы шетелдік клубқа ауысады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қызыл-Жар" командасының бразилиялық шабуылшысы Данило Алмейда Алвес Таиландтың жоғарғы лигасында өнер көрсететін клубпен келісім-шартқа отырады.

30 жастағы шабуылшы көп ұзамай "Супханбури" клубының ойыншысы атанады. Өткен маусымда бұл клуб чемпионаттағы орнын әрең сақтап қалған еді, бірақ биыл әлдеқайда сәтті өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Данило - трансферлік терезедегі басты мақсаттардың бірі.

"Супханбури" клубының басшылығы бразилиялыққа қаржылық көлемі жарты миллион долларды құрайтын екі жылдық келісім-шарт, сондай-ақ жеке автокөлік пен үй ұсынды. Бұл оның "Қызыл-Жардағы" қаржылық жағдайымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Шабуылшы тегін кетеді, өйткені оның келісім-шартында басқа шетелдік клубтан қолайлы қаржылық ұсыныс болған жағдайда тегін ауысуға мүмкіндік беретін тармақ болған.

Осы маусымда Данило Алвес петропавлдық команда сапында он матч өткізіп, үш гол соқты. Келесі турда "Қызыл-Жар" өз алаңында "Таразды" қабылдайды, ал бразилиялық шабуылшы үшін бұл "Қызыл-Жар" жейдесіндегі соңғы матч болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×