«Ақтөбе» клубына жаңа директор тағайындалды

26.05.2021, 16:38
Клубтың бұрынғы директоры Артур Смағұлов қызметінен кетті.
«Ақтөбе» клубына жаңа директор тағайындалды

ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің басшысы Ерлан Джамантаев "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров клуб ұжымына жаңа басшыны таныстырды. 

Ерлан Джамантаев өз мансабында "Локомотив Акмола теміржол бөлімі" ФСК футболының бапкері, "Намыс" шеберлер командасында ойнап, дене шынықтырудан сабақ берген. 

2017 жылдан бастап ҚФФ балалар мен жасөспірімдер және әйелдер спорты департаментінің басшысы қызметінде жұмыс жасады, УЕФА комитетінің мүшесі, тәртіптік бақылау комитетінің мүшесі және Қазақстан жағажай футболы құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×