Дорин Ротариу «Астанадан» кетті

26.05.2021, 16:24
Румыниялық футболшы осы маусымда 14 минут қана ойнады.
Дорин Ротариу «Астанадан» кетті

"Астананың" 26 ​​жастағы румыниялық ойыншысы Дорин Ротариу елордалық клубтан кетті, деп хабарлайды Gazeta Sporturilor басылымы.

"Ол еркін агент атанды. Меморандумды ФИФА-ға жіберді және келісім-шарттың күші жойылды. Бірақ белгілі бір қаржылық шарттар орындалмады. Мен оның не істейтінін білмеймін, бірақ ол Еуропаға кетуі керек. Ол жас және "Брюгге", "Мускрон", "Астана" клубтарында тәжірибе жинады. Ол міндетті түрде команда табады - бірақ мен оның қайда баратынын білмеймін", - деді Йосиф Ротариу (Дорин Ротариудың ағасы).

Осы маусымда Ротариу Премьер-Лиганың үшінші турында "Тобылға" қарсы өткен матчқа ғана қатысты (1:1), ойыншы екінші таймда қосалқы құрамнан шықты және 14 минут ішінде тиімді әрекеттермен көзге түспеді.

Еске салайық, румыниялық ойыншы "Астанаға" 2019 жылдың ақпанында қосылған еді. Жалпы елордалық клуб сапында 63 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×