Жоржиньо Вейналдум жақын арада «Барселонаға» ауысады

26.05.2021, 05:26
Футболшы каталондық клубқа еркін агент ретінде қосылады.
Жоржиньо Вейналдум жақын арада «Барселонаға» ауысады

"Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум мансабын "Барселонада" жалғастырады, деп хабарлады журналист Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.

Мерсисайдтық клубпен келісім-шарты аяқталатын 30 жастағы Нидерланды құрамасының футболшысы жақын арада "Барселона" ойыншысы атанады. Және 2024 жылдың жазына дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды. Жоржиньоның өзі "Бавариямен" келіссөздер жүргізгеніне қарамастан, каталондық клубқа қосылғысы келеді.

Журналист Маттео Моретто Вейналдумның "Барселонаға" ауысатынын растады және бұл трансферді бас бапкер Рональд Куман мен команда капитаны Лионель Мессидің мақұлдағанын атап өтті.

Вейналдум "Ливерпульге" 2016 жылы "Ньюкасл Юнайтедтен" ауысып келді және оған дейін ПСВ мен "Фейеноорд" клубтарында ойнаған. Жартылай қорғаушы Англия Премьер-лигасының осы маусымында 38 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×