"Қызылдар" "Арсеналды" қан қақсатты, көк жейделілер Виллаш-Боаштың көсегесін көгертті

21.08.2011, 17:16
"Қызылдар" "Арсеналды" қан қақсатты, көк жейделілер Виллаш-Боаштың көсегесін көгертті
Кеше ағылшын премьер лигасының 2-тур ойындары  болып өтті. Бұл турдың қызықты кездесулерінің бірі саналған "Арсенал" мен "Ливерпуль" арасында өткен ойында "қызылдар" Арсен Венгер тәлімгерлерін өз төрлерінде тақырға отырғызды. Эмануэль Фримпонгтың алаңнан қуылуы "Арсеналды" қиын жағдайға қалдырды. Ойынның 78-минутында Рэмзидің өз қақпасының торын тулатуы "Арсеналды" одан сайын тосырқатып тастады. Ал, Суарестің ойын аяқталар тұста салған добы, "Арсеналдың" ұтылудан басқа шарасы қалмағанын тағы бір дәлелдеді. Вест Бромвич Андре Виллаш-Боаш шәкірттерін өз алаңдарында біраз шаршатты. Дегенмен, Малуда, Анелькалар бірігіп жүріп, өз клубын ұтылыстың ащы дәмінен құтқарып қалды. Вест Бромвич сапындағы жалғыз шабуылшы Лонг ойынның 4-минутында жарақат алып, бір ай емделуге кеткен  Чехтың орнына шыққан Энрике Иларионы қапыда қалдырды. Алайда екінші таймда алаң иелеріне біраз жан бітіп, 53-минутта есепті теңестіріп кетті. Анельканың бұл голына қанағаттанбаған Малуда араға 30-минут салып, "Челсиге" жеңіс сыйлады. Қалған ойын нәтижелері төмендегідей: Челси 2-1 Вест Бромвич Голдар:  Малуда 83', Анелька 53' Лонг 4'
Сандерлэнд 0-1 Ньюкасл
Голдар: Тэйлор 62'
Арсенал 0-2 Ливерпуль
Голдар: Суарес 90', Рэмзи 78' (а/г)
Эвертон 0-1 Куинс Парк Рейнджерс
Голдар: Смит 31'
Суонси 0-0 Уиган
Астон Вилла 3-1 Блэкберн
Голдар: Бент 67', Хески 25', Агбонлахор 12'
Педерсен 52'
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×