
“Барселона” клубы Бразилиялық шабуылшы Рафиньяның келісімшартын 2028 жылдың 30 маусымына дейін ұзартқанын ресми түрде жариялады.
2024/25 маусымында Рафинья жасындай жарқырады. Ол 56 матчта 34 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Оның бұл көрсеткіштері “Барселонаға” Ла Лига, Испания Кубогы және Суперкубокты жеңіп алуға көмектесті.
Жаңа келісімшарт 2028 жылға дейін жарамды және қосымша бір жылға ұзарту мүмкіндігін қамтиды. Бұл келісім Рафиньяны клубтағы ең жоғары бағаланатын ойыншылардың қатарына қосты.
Келісімшартты ұзарту рәсімінде Рафинья өзінің “Барселонада” мансабын аяқтағысы келетінін және клубтың болашағына үлес қосқысы келетінін айтты.
Біздің серіктес: FONBET