Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер лигасына ауысуы мүмкін

24.05.2025, 20:30

Түркиялық танымал спорт журналисі Сердар Сарыдағтың мәліметі бойынша, Қазақстан құрамасының және "Бешикташ" клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке Ресей Премьер лигасының бір клубы ресми түрде ұсыныс жасаған.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер лигасына ауысуы мүмкін

Аталған клуб 27 жастағы футболшы үшін 5 миллион еуро көлемінде қаржы ұсынған. Бұл сома – 2023 жылы "Бешикташтың” Зайнутдиновті Мәскеудің "ЦСКА” клубынан сатып алған кездегі бағадан 500 мың еуроға көп.

Қай клуб екені нақты көрсетілмеген, дегенмен бұл ұсыныс "Бешикташ” басшылығына жеткізілген. Алайда қазіргі таңда Түрік клубы бұл ұсынысқа ресми жауап берген жоқ.

Зайнутдиновқа Ресей командалары кезек-кезек қызығушылық танытуда. Бұған дейін, 2025 жылдың ақпанында, Зайнутдиновтың “Спартак” клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын, алайда “Бешикташ” клубының басшылығы келіссөз жүргізуден бас тартқан.

Сондай-ақ, “Зенит” клубы да Зайнутдиновты 4,5 миллион еуроға сатып алуға дайын екенін білдірген, бірақ ойыншының өзі Еуропада қалуды жөн көріп, бұл ұсынысты қабылдамаған еді.

Қазіргі уақытта Зайнутдинов “Бешикташ” клубымен 2027 жылға дейінгі келісімшартқа ие.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×