Роналдо “Реал Вальядолид” клубын басқарушы үлесін 50 миллион еуроға сатты

24.05.2025, 21:00

Аңызға айналған Бразилиялық футболшы Роналдо Испандық "Реал Вальядолид" клубын басқарудан толықтай кетуге шешім қабылдады. Ол клубтағы бақылаушы үлесін сатып алушы тараппен сату жөнінде келісімге келді. Келісім сомасы – 50 миллион еуро.

Роналдо “Реал Вальядолид” клубын басқарушы үлесін 50 миллион еуроға сатты

Жаңа иеленуші тарап — Еуропадағы инвестициялық қорлардың бірі. Қаржыландыру да осы қор арқылы қамтамасыз етілмек. Алайда бұл келісім Испанияның Жоғарғы спорт кеңесінің  мақұлдауына тәуелді. Құқықтық рәсімдер аяқталғанға дейін соңғы шешімді осы мекеме береді.

Роналдо "Реал Вальядолид” клубын 2018 жылы сатып алған болатын. Осы жылдар аралығында ол клубтың стратегиялық басқаруына тікелей араласты. Оның жетекшілігімен клуб бірнеше рет Ла Лига мен Сегунда арасында ауысып, дамуға ұмтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×