Рафинья әлеуметтік желіде өзінің “Алтын допты” ала алмайтыны туралы жазбаға лайк басты

14.06.2025, 11:30

"Барселона" клубының ойыншысы Рафинья өзін Еуропаның үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" сыйлығына лайықсыз деп санайтын жазбаны ұнатты.

Рафинья әлеуметтік желіде өзінің “Алтын допты” ала алмайтыны туралы жазбаға лайк басты

Ол "Mundoo-Futebol" атты аккаунт жариялаған постқа лайк қалдырған. Бұл парақша Бразилиялық футболшылар жайлы жаңалықтармен бөлісіп отырады.

Жазбада былай делінген:

"Рафиньяға Алтын доп? Біз бұл тарихты бұрын да көргенбіз, өкінішке қарай, ол қайтадан қайталанады."

Жазбада Рафиньяның гол соққандағы қуанышты сәттерінің және Неймар мен Винисиустың көңілі түскен сәттерінің фотосуреттері жүктелген.

Айта кетсек, "Барселона" мен "ПСЖ"-ның бұрынғы шабуылшысы Неймар ешқашан "Алтын доп" жеңіп алмаған. Ол бұл марапат үшін дауыс беруде екі рет үшінші орын алған еді (2015 жылы Лионель Месси мен Криштиану Роналдудан кейін, 2017 жылы Роналду мен Мессиден кейін).

"Реалдың” вингері Винисиус та бұл марапатқа қол жеткізбеді. 2024 жылы ол дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орын алды, ал бірінші орынды "Манчестер Сити” және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×