
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм рыцарь (сері) атағына ие болды. Бұл мәртебелі атақ оған футболдағы керемет мансабы мен қайырымдылық саласындағы қызметі үшін берілді.
Енді Дэвидті ресми түрде "сэр” деп, ал оның жұбайы Викторияны "леди” деп атауға болады.
Мамыр айында 50 жасқа толған Бекхэм мансабында "Манчестер Юнайтед”, "Реал Мадрид", “АС Милан", "ПСЖ", және "Лос-Анджелес Гэлакси” клубтарында ойнады.
Біздің серіктес: FONBET