“Барселонаның” Щенсныймен келісімшартты қашан ұзартатыны белгілі болды

14.06.2025, 14:30

"Барселона" 35 жастағы қақпашы Войцех Щенсныймен келісімшартты ұзарту туралы ресми түрде Жоан Гарсиямен келісімге қол қойғаннан кейін жариялайды. Бұл туралы Sport.es хабарлады.

“Барселонаның” Щенсныймен келісімшартты қашан ұзартатыны белгілі болды

Ақпарат көзінің мәліметінше, Каталониялық клуб келесі маусымда қақпашылар Гарсия және Щенсны дуэтіне сенім артпақ. Бұл жағдайда Поляк қақпашысы қосалқы қақпашы рөлін атқарады. Сонымен қатар, Иньяки Пенья клубтан кетуді жоспарлап отыр және келісімшартын бұзуға дайые. Ал Марк-Андре тер Штегеннің болашағы әзірге белгісіз.

Бұған дейін Щенсныйдың келісімшарты бір маусымға ұзартылатыны хабарланған болатын. Қақпашының қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 30 матчқа қатысып, оның 14-інде қақпасына гол жібермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×