Родригоның “Арсеналға” ауысуы жүзеге аспады

14.06.2025, 16:00

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Родриго Гоэс "Арсеналға" ауыспайды. Лондондық клуб оған қызығушылық білдіргенімен, футболшы "Корольдік" клубтың негізгі құрамындағы орнын сақтау үшін күресуге бел буған. Бұл туралы Football Insider хабарлады.

Родригоның “Арсеналға” ауысуы жүзеге аспады

Ақпарат көзіне сүйенсек, Бразилиялық вингер өткен маусымда алған ойын уақытына көңілі толмаған. Соған қарамастан, Родриго клубқа келген жаңа бапкер Хаби Алонсоға үлкен үміт артып, онымен жұмыс істеу мүмкіндігін асыға күтуде.

Өткен маусымда Родриго барлық турнирде 51 матчқа қатысып, 14 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Ол жалпы 3361 минут алаңда ойнады. Футболшының клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Родригоның нарықтағы бағасы 90 миллион еуро деп көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×