“Атлетик Бильбао” “Барселонаға” ауысқысы келіп отырған Нико Уильямске жаңа келісімшарт ұсынды

14.06.2025, 17:30

"Барселона" Бильбаоның "Атлетик" клубының шабуылшысы Нико Уильямсты қатарларына қосуға жақын. Бұл туралы әйгілі Италиялық инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

“Атлетик Бильбао” “Барселонаға” ауысқысы келіп отырған Нико Уильямске жаңа келісімшарт ұсынды

Ақпаратқа сәйкес, Нико Уильямс әлі де Мюнхеннің "Бавариясы” мен Лондонның "Арсеналы" сынды клубтардың трансферлік тізімінде тұр. Дегенмен, қазіргі таңда футболшыны алу мүмкіндігі ең жоғары клуб "Барселона".

Романоның мәліметінше, сонымен қатар,  Нико Уильямстың қазіргі клубы "Атлетик Бильбао” футболшыны командада қалдыру үшін оған жаңа келісімшарт ұсынуға дайын.

2024/2025 жылғы маусымда Нико Уильямс барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, 11 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×