«Жетісу» - «Қайрат» кездесуіне болжам

14.06.2025, 14:50

12-турдың шымылдығы Талдықорғанда ашылады.

«Жетісу» - «Қайрат» кездесуіне болжам
Самат Смақов

Өткен жолы ойламаған жерден «Ақтөбені» ұтып кеткен (2:1) «Жетісу» сол ерлігін тағы бір қайталай ала ма? Бірақ, чемпиондыққа таластағы «Қайратқа» қазір ұпайдан шашау шығаруға болмайды. 

«Самат Смақовтың дисквалификациясы аяқталды. Отандық маман тың күшпен оралған болуы керек соңғы үш турда талдықорғандықтар 5 ұпай еншіледі (2 тең нәтиже мен бір жеңіс). Өткен турда 19 жасар Темірлан Мурзағалиевтің соңғы секундттағы голы болмаса, ұпай саны бұлан да көп болатын ба еді. 

Ал әзірше 11 турдың қортындысында жетісулық ұжым 9 ұпаймен он бірінші келеді. 

«Елімай» мен «Оқжетпестен» есе жібергеннен кейін алматылықтардың жағдайы қиындады. Әсіресе, Рафаэль Уразбахтиннің басына қара бұлт үйіріле бастағандай көрінді. Алайда алматылық команда қандай жағдайда да бас бапкерімен бірге екенін жария етіп, әлі де сенім артатынын аңғартқан. Бірақ, сенімнің де шегі бар. Ойыны тұрақсыз болы жүрген ҚПЛ чемпионы бүгін «Жетісу» сынды екінші алтылықтың өкілін ұта алмаса... 

«Қайрат» та өткен жолы тартысты ойында «Ақтөбені» ұтып, таластан шықпағанын байқатқан еді. Енді бүгін соны шегелей түсіп, ұпай қорын толықтыра түсуі тиіс. 

Біздің болжам - Талдықорғанда 18:00-де басталатын кездесуде екі команда да гол салады. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл нұсқаны таңдағандарға 2.10 коэффициент береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×