«Ракув» «Астананың» тас-талқанын шығарды

22.07.2022, 07:55
Елордалық клуб өз қақпасына жауапсыз бес гол жіберіп алды.
«Ракув» «Астананың» тас-талқанын шығарды

«Астана» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувпен» кездесті. Матч Ченстохова қаласындағы «Ракув» стадионында өтіп, 5:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапында Иван Лопес, Матеуш Вдовяк, Владислав Гутковский, Владислав Кочергин, Фран Тудор мергендігімен көзге түсті. Ойынның 21-минутында «Ракувтың» қорғаушысы Деян Сореску алаңнан қуылды. Ал 62-минутта Аслан Дарабаев ойындағы екінші ескерту қағазын алды.

«Ракув» (Ченстохова, Польша) – «Астана» – 5:0

«Ракув»: Владан Ковачевич (қ) – Патрик Кун, Милан Рундич, Зоран Арсенич (к), Богдан Раковитан (Фран Тудор 46), Деян Сореску – Бен Ледерман (Владислав Кочергин 46), Янис Папаниколау – Иван Лопес (Шимон Чиж 83), Матеуш Вдовяк (Виктор Длугош 70), Владислав Гутковский (Фабян Пясецкий 79);

Қосалқы құрам: Кацпер Трелевский (қ), Якуб Райчиковский (қ) – Стратос Сварнас, Оскар Кшижак – Игор Сапала, Фабиу Стургеон – Себастьян Муселик;

«Астана»: Марко Милошевич (қ) – Брайан Сильва (Абат Айымбетов 69), Талғат Көсепов (Даниил Бескоровайный 82), Денис Поляков, Михаил Габышев – Аслан Дарабаев, Макс Эбонг (к), Жереми Манзорро (Юрий Перцух 70) – Педро Эуженио (Станислав Басманов 86), Тимур Досмағамбетов, Рай Влут;

Қосалқы құрам: Александр Заруцкий (қ), Данил Подымский (қ) – Сағи Совет, Артем Рахманов, Абзал Бейсебеков;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×