«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Ральф Рангник Австрия құрамасының тізгіндемек, деп хабарлайды Kurier басылымы.
Дереккөздің хабарлауынша, неміс маманы Австрия құрамасының ұсынысын қабыл алған. Бүгін, 29 сәуірде жергілікті футбол федерациясының басшысы Герхард Миллетич ұйымға Рангниктің кандидатурасын ұсынады, содан кейін ғана Ральф Австрия құрамасын тізгіндеуі ықтимал.
Ральф Рангник «Манчестер Юнайтедті» 2021 жылдың 3 желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді. Ол маусым аяқталған соң клубта қалып кеңесші қызметіне тағайындалады. Неміс «маманы өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» екі жерде жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Біздің серіктес: FONBET