«Марсель» «Фейеноордқа» жол берді, «Рома» мен «Лестер» тең тарқасты

29.04.2022, 14:31
Голландиялық клуб сенсация жасап, жігерлі жеңіске қол жеткізді.
«Марсель» «Фейеноордқа» жол берді, «Рома» мен «Лестер» тең тарқасты

Бүгін, 28 сәуірде Роттердам қаласындағы «Де Куйп» стадионында Конференция лигасының жартылай финалдық ойыны аясында «Фейеноорд» «Марсельді» қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Есеп бірінші таймда ашылды. 18-минутта голландиялық клубтың шабуылшысы Сирил Дессерс көзге түсті Екі минуттан кейін Луис Синистерра алаң иелерін есептегі басымдығын нығайта түсті. 28-минутта «Марсель» шабуылшысы Амаду Бамба Диенг ерекшеленді. 40-минутта франциялық клубтың жартылай қорғаушысы Жерсон таразы басын теңестірді. Ал 46-минутта Дессерс дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

Екінші жартылай финалдық ойында «Лестер» мен «Рома» өзара мықтыны анықтады. Командалар Лестердегі «Кинг Пауэр» стадионында ойнап, жеңімпазды анықтай алмады (1:1).

Жозе Моуриньо шәкірттері 15-минутта есеп ашты - Никола Залевскийдің пасынан кейін Лоренцо Пеллегрини көзге түсті, бірақ екінші таймда Адемола Лукман таразы басын теңестіріп кетті.

Командалар арасындағы қарымта матчтар 5 мамырға жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×