Ральф Рангник «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері атанды

29.11.2021, 22:41
Неміс маманы команданы маусым соңына дейін ғана жаттықтырады.
Ральф Рангник «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері атанды

Ральф Рангник «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері болып тағайындалды. 63 жастағы неміс маманы маусымның соңына дейін манчестерлік клубты жаттықтыратын болады. Ал келесі жаздан бастап кеңесші қызметін атқарады.

Рангник өткен жаздан бастап «Локомотивте» спорт және даму бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Оле Гуннар Сульшер кеткелі бері Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтедте» уақытша бас бапкердің қызметін атқарды. Оның басшылығымен «қызыл сойқандар» «Вильярреалды» жеңіп (2:0), «Челсимен» тең (1:1) ойнады. Кэррик пен басқа да мамандар Рангниктің қол астында жұмыс істейді деп күтілуде.

Ральф Рангник бапкерлік мансабын 1983 жылы 25 жасында бастаған. Неміс маманы бұған дейін тек қана германиялық клубтарды баптаған. Олардың ішінде «Штутгарт», «Ганновер 96», «Хоффенхайм», «Шальке 04», «РБ Лейпциг» секілді командаларда еңбек еткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×