Карим Бензема Тьерри Анридің рекордын жаңартты

29.11.2021, 19:31
Бензема Ла Лиганың осы маусымында ең көп нәтижелі әрекетпен көзге түсті.
Карим Бензема Тьерри Анридің рекордын жаңартты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема Ла Лиганың 15-ші туры аясында «Севильяға» қарсы өткен ойында гол соқты. Кездесу Мадридте өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бұл Бенземаның клубтық деңгейде соққан 361-ші голы болды. Goal басылымының хабарлауынша, 33 жастағы шабуылшы «Арсенал» мен «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анриді (360) басып озып, клубтың деңгейде ең көп гол соққан француз футболшысы атанды.

Бензема осы маусымда «Реал Мадрид» сапында барлық турнирлерде 18 матч өткізіп, 16 гол соқты. Карло Анчелотти жаттықтыратын команда 33 ұпай жинап, Испания чемпионатында көш бастап тұр. «Севилья» 28 ұпаймен 4-ші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×