«Тоттенхэмнің» матчын тамашалау үшін 31 сағат жол жүрген жанкүйерлердің жолы болмады

29.11.2021, 19:16
Матч қолайсыз ауа-райына байланысты кейінге шегерілді.
«Тоттенхэмнің» матчын тамашалау үшін 31 сағат жол жүрген жанкүйерлердің жолы болмады

Далласта (Техас, АҚШ) тұратын «Тоттенхэмнің» екі жанкүйері Англия чемпионатының 13-ші турындағы лондондық клубтың «Бернлимен» болатын кездесуін стадионнан тамашалау үшін 31 сағат жол жүрген.

Олар сүйікті командасының ойынына уақытында келу үшін ұйықтамаған. Бірақ ойынның басталуына бір сағат қалғанда «Тёрф Мур» алаңын қар басып қалғандықтан, матч кейінге шегерілді. АҚШ-тан келген жұп мұны естіген соң «Тоттенхэм» жанкүйерлері отырған барға аттанған екен.

«Бернли» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 9 ұпаймен он сегізінші орында тұр. 12 ойында 19 ұпай жинаған Антонио Конте шәкірттері жетінші орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×