Рамазан Оразов: Біз бір отбасы, бір команда сияқты ойнадық»

23.09.2022, 15:03
Оразов кешегі матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Рамазан Оразов: Біз бір отбасы, бір команда сияқты ойнадық»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Беларуське қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

– Ойынның жауапкершілігі мен қысымына қарамастан бүгін өте керемет ойнадыңыз. Сіз сонша энергияны қайдан аласыз? Финт жасап, қауіпті пастар бергенде қателесуден қорықпайсыз ба?

- Жалпы, бүкіл команданың өте жақсы ойнағанын атап өткім келеді. Жіберіп алған голды есптемегенде, жоспарымыз толықтай орындалды. Мен қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнадық деп ойлаймын.

- Михаил Габышев сенің пасыңнан кейін есеп ашты.

- Мен Мишаның пас сұрағанын естіп, қарамай-ақ бере салдым.

– Алаңда көп күш жұмсадыңыз. Сізді алмастырған кезде осы матчты соңына дейін ойнай алатындай сезім болды ма?

– Жоқ, мен өзім ауыстыруды өтіндім, өйткені күшім қалмады.

– Финалдық ысқырықтан кейін ойыңызда не болды?

- Білмеймін, қазір сол кездегідей эмоциялар жоқ. Біз үлкен қадам жасадық және мұнымен тоқтап қалғымыз келмейді. Алда Әзербайжанға қарсы ойын бар, одан кейін плей-офф кезеңі. Құдай қаласа, біз ол жерде де өзімізді көрсететін бооамыз.

- Қазақстан құрамасының бүгінгі ойынында нені ерекшелеп айта аласыз?

- Біз бір отбасы, бір команда сияқты ойнадық. Соңына дейін күрестік. Менің ойымша, біз жетістікке жеттік. Барлық жанкүйерлерді осы жеңісімен құттықтағым келеді!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×