Бақтиер Зайнутдинов: «Біз мұнымен тоқтап қалғымыз келмейді»

23.09.2022, 14:49
Зайнутдинов ұлттық құрамадағы оныншы голын соқты.
Бақтиер Зайнутдинов: «Біз мұнымен тоқтап қалғымыз келмейді»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Беларуське қарсы өткен ойынды (2:1) қорытындылады:

- Жеңіс құтты болсын! Ұлттық құрамаға оралған бойда жеңіс голын соқтыңыз.

- Құттықтауларыңызға рахмет! Шынымды айтсам, барлық эмоциялар алаңда қалды. Бұл жеңіс бізге ауадай қажет еді. Стадион біздің жанкүйерлерге лық толы болды. Мен гол соққаныма екі есе қуаныштымын, өйткені жанкүйерлеріміздің үмітін ақтағым келді.

- Сіз соққан голға дейін Михаил Габышев пен Сергей Малыйда тамаша мүмкіндік болды. Ал Сіздің голыңызды бірден VAR арқылы тексере бастады. Сол сәтте гол соқпасақ, жеңіске жете алмаймыз деген сезім болды ма?

– Мен өзім қатты уайымдадым, өйткені маған Абат офсайдта тұрғандай көрінді. Сосын төрешіден сұраған едім, голдың таза екенін айтты. Сондықтан мен қуаныштымын!

- Сізге бүгінгі қолдау ұнады ма?

- Иә. Жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді! Сіздер бұл жеңіске лайықсыздар!

– Сіз бүгін бар күшіңізді жұмсадыңыз ба?

– Физикалық жағынан әлі күшім бар, бірақ эмоционалды тұрғыдан бәрін алаңда қалдырдым.

– Тарихи нәтиже. Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында алға жылжуда. Оған қоса, ЕУРО-2024-ке жолдама алу үшін плей-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік аламыз. Жанкүйерлерге айтар тілегіңіз бар ма?

- Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар бізбен бірге бұл жеңіске лайық болды. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалғымыз келмейді - біз одан әрі алға ұмтылғымыз келеді!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×