Ресейлік «Чайка» 23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың командадан кететіні туралы хабарлады.
Рамазан Оразов «Чайка» клубына 2020 жылдың тамызында қосылды. Жалпы ол ресейлік клуб сапында 12 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. ФНЛ-дің өткен маусымдағы қорытындысы бойынша «Чайка» 12-орынға ие болды.
Рамазан бұған дейін алматылық «Қайрат» пен латвиялық «Даугавпилс» командаларында ойнаған. Ағымдағы жылдың наурыз айында Оразов Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін Украинаға қарсы матчта өткізді (1:1)
Біздің серіктес: FONBET