«Тоттенхэмді» жаттықтыратын жаңа бас бапкердің есімі белгілі болды

10.06.2021, 17:46
Қос команданың бапкерлері қызметтерін алмастарды
«Тоттенхэмді» жаттықтыратын жаңа бас бапкердің есімі белгілі болды

"Романың" бұрынғы бас бапкері Паулу Фонсека "Тоттенхэмнің" бас бапкері атанады, деп жазады журналист Николо Скира өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, қос тарап бір мәмілеге келіп үлгерген. Фонсека үш жылдық келісім-шартқа қол қояды. Португалиялық маманның "Тоттенхэмдегі" жылдық жалақысы 4 миллион еуроны құрайды.

Еске салайық, Фонсека өткен маусымның соңында "Ромадан" кеткен болатын. Оның орнына командаға тағы бір португалиялық маман келді - дәл осы "Тоттенхэмнен" қуылған Жозе Моуриньо.

Фонсеканың басшылығымен "Рома" 38 ойында 62 ұпай жинап, А сериясының турнирлік кестесінде жетінші орынға ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×