Рамазан Оразов «Чайка» клубынан кетті

10.06.2021, 20:45
Футболшының ресейлік клубпен келісім-шарты аяқталды.
Рамазан Оразов «Чайка» клубынан кетті

Ресейлік «Чайка» 23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың командадан кететіні туралы хабарлады.

Рамазан Оразов «Чайка» клубына 2020 жылдың тамызында қосылды. Жалпы ол ресейлік клуб сапында 12 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді. ФНЛ-дің өткен маусымдағы қорытындысы бойынша «Чайка» 12-орынға ие болды.

Рамазан бұған дейін алматылық «Қайрат» пен латвиялық «Даугавпилс» командаларында ойнаған. Ағымдағы жылдың наурыз айында Оразов Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін Украинаға қарсы матчта өткізді (1:1)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×