Рамазан Оразов Дания чемпионатына ауысқаны жайлы: бас бапкерінің өзі қызығушылық танытты

24.06.2025, 16:42

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов даниялық «Силькеборг» сапына қалай ауысқаны жайлы айтып берді.

Рамазан Оразов Дания чемпионатына ауысқаны жайлы: бас бапкерінің өзі қызығушылық танытты
Рамазан Оразов

Былтыр жазда жартылай қорғаушы «Ақтөбеден» Дания Суперлигасына ауысқан болатын.  

«Силькеборг» маған 2022-жылдың аяғында «Ақтөбеде» жүрген кезімде агент арқылы шыққан. Менің келісімшартым аяқталып, еркін агент атанатын болғандықтан олардың маған нақты қызығушылығы болған еді. Жеке бас бапкерінің өзі қызығушылық танытты, алайда ол кезде сәті түспеген, менің пайдалы әрекеттерім аз болатын. Олар тіпті агент арқылы жағдайдың себебін де сұрастырған. 2023-тің соңында тағы да алғысы келді, бірақ ол кезде мен «Тобылда» жүрдім. Біз бапкерімен тілдестік, сөйтіп трансфер тек 2024-жылы жүзеге асты», - деді Р. Оразов «BorodAbata.kz» сайтына берген сұқбатында.

Рамазан Оразов Дания Суперлигасының өткен маусымында 13 матчта 2 гол салды. Футболшы мен «Силькеборгтың» келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымына дейін жарамды. Жартылай қорғаушының келісімшарты 350 мың еуро.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×