Тәжірибелі қорғаушы «Тұранмен» келісімге келді

24.06.2025, 14:52

Бізге жеткен ақпарат бойынша, «Атыраудың» қорғаушысы Мирам Сапанов түркістанның «Тұранына» ауысуға жақын.

Тәжірибелі қорғаушы «Тұранмен» келісімге келді
Мирам Сапанов

39 жастағы футболшы осы маусымда «мұнайшылар» сапында ҚПЛ-дегі 11 матчта 3 голдың авторы атанды.

Мирам Сапанов «Ақжайық» футбол клубының түлегі. Мансабында сондай-ақ, «Ұлытау», «Жетісу», «Шахтер» Қарағанды, «Қыран», «Каспий», «Қайсар» және «Ордабасы» жейдесінде доп тепкен. 2010-жылы «Қайсармен» Бірінші лиганың күміс жүлдесін еншілеген. 2015-жылы «Ақжайықпен» Бірінші лигада топ жарған болатын. Жалпы, мансабында 483 матчта өнер көрсетіп, 31 рет мергендік танытқан.

Естеріңізде болса, «Тұран» қаржылық қиындықтарға тап болып, бас бапкері Виталий Жуковскиймен және тағы біраз футболшысымен қош айтысқан болатын. Команда ҚПЛ-де 13 ойында 11 ұпай жинап, он екінші сатыға жайғасқан. Өткен турда түркістандықтар сырт алаңда «Елімайдан» ұтылды 1:2.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×