
Арман Кеңесов
Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, Арман Кеңесов «Астанадан» «Елімайға» ауысты.
24 жастағы жартылай қорғаушы семейлік клубпен келісімге келген. Арман Кеңесов ҚПЛ-2025-те елордалық клуб сапында 4 ойында өнер көрсетіп, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады. «Астанамен» келімшарты жыл соңына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 300 мың еуро. Футболшының мансабында сондай-ақ, «Ақтөбе», «Қайсар», «Ертіс» және ресейлік «СКА-Хабаровск» клубтары болды. Жалпы, ҚПЛ-де 114 матчта 13 гол мен 4 ассисттің авторы атанған. Арман Кеңесов Қазақстан ұлттық құрама командасының жейдесінде 4 матчта доп тепті.
«Елімай» премьер-лиганың 13 турынан кейін 21 ұпаймен 5-орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET