"Миланның" қорғаушысы Адиль Рами футболдағы мансабын әрмен қарай «Севилья» клубында жалғастырады.
Франциялық футболшы келесі аптада испандық клубтың медициналық тексерісінен өтеді.
«Севилья» 29- жастағы қорғаушымен 4 жылдық келісім- шартқа отырды. "Милан" Рамиды сатып 4 миллион еуроға байып отыр.
Айта кетейік, Рами «Севильяның» бас бапкері Унаи Эмеримен "Валенсия" клубында ойнап жүргеннен бері таныс.
Ерден НҰРАХМЕТ