Коста "Баварияға" ауысты

02.07.2015, 21:04
Коста "Баварияға" ауысты
"Шахтер" өздерінің хавбегі Дуглас Костаның "Баварияға" ауысқанын мәлімдеді. Бразилиялық жартылай қорғаушының трансферлік құңы 30 миллион еуроны құрады. Бұл ойыншы "Шахтер" футбол клубы тарихындағы үшінші рекордттық трансфер болып тіркелді. Бұған дейін донецкілік клуб Фернандиньоны «Манчестер Ситиге» 40 млн еуроға, Виллианды «Анжиге» 35 млн еуроға сатқан болатын. Дуглас Коста «Шахтер» сапына 2010 жылы 10 қаңтарда қосылған.Содан бері осы клуб сапында 203 матчқа қатысып, 38 рет мергендігімен көзге түсе білді. Ерден НҰРАХМЕТ.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×