Рами «Севилья» ойыншысы атанды

02.07.2015, 21:52
Рами «Севилья» ойыншысы атанды
"Миланның" қорғаушысы Адиль Рами футболдағы мансабын әрмен қарай «Севилья» клубында жалғастырады. Франциялық футболшы келесі аптада испандық клубтың медициналық тексерісінен өтеді. «Севилья» 29- жастағы қорғаушымен 4 жылдық келісім- шартқа отырды. "Милан" Рамиды сатып 4 миллион еуроға байып отыр. Айта кетейік, Рами «Севильяның» бас бапкері  Унаи Эмеримен "Валенсия" клубында ойнап жүргеннен бері таныс. Ерден НҰРАХМЕТ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×