Рамос Чемпиондар Лигасының шешуші ойынында «Реалға» көмектесе алады

«Реал» мен «Боруссия» плэй-оффқа шығу мүмкіндігін сарапқа салады!
Рамос Чемпиондар Лигасының шешуші ойынында «Реалға» көмектесе алады

"Реал Мадрид" клубының қорғаушысы Серхио Рамос жарақатынан толық айықты. Испаниялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, капитан командалық жаттығуға кіріскен.

Енді Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің 6-шы туры аясында өтетін "Реал Мадрид" пен "Боруссия М" арасындағы матчқа қатыспақ. Испаниялық клуб қазір өз тобында 3-ші орында тұр. Сондықтан бұл кездесу Зидан шәкірттері үшін де, Зидан үшін де өте маңызды болмақ.

"Реал" өз алаңында неміс клубын 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 2:00-де қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, Рамос Ұлттар Лигасында өткен Испания мен Германия арасындағы матчта жарақат алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×