
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің ресейлік «Химки» клубының тізгінін ұстағанын жақсы білесіздер.
Ресейлік маман мәселесі көп әрі премьер-лигадан ұшудың аз алдында тұрған клубтың тізгінін не үшін ұстағанын түсіндірді.
«Мен өзімді бапкер ретінде тексергім келді. Бұл жаңа, ерекше тәжірибе болмақ. Осындай кризистік жағдайдан шығудың да өзіндік ерекшелігі бар. Маған алты ойын берілді. Осындай қысқа мерзімде өзімді көрсете аламын ба, сол жағы да қызық болып тұр», - деді М. Адиев «Чемпионат» порталына берген сұхбатында.
«Химки» дәл қазір Ресей премьер-лигасының 26-турынан кейін 12-орында келеді. Мәскеулік клубтың алда әлі төрт матчы бар. Айта кетейік, «Химки» клубының қаржылық мәселесі жетерлік. Команда басшылығы футболшыларға бірнеше айдан бері жалақы төлей алмай жүрген көрінеді. Магомед Адиев тағайындалып, алғашқы жаттығуын өткіземін дегенде өкпелі ойыншылар бойкот жариялап, наразылығын білдірген еді.
Біздің серіктес: FONBET