“Реал Мадрид” жаңадан ойыншы сатып алу үшін Премьер лига клубтарының көздеп отырған ойыншысын сатуға дайын

29.04.2025, 10:00

“Реал Мадрид” осы жазда белсенді жұмыс істемек, алайда барлық жоспарларын жүзеге асыру үшін алдымен ойыншы сату қажет болуы мүмкін. Трент Александер-Арнолд командаға еркін агент ретінде келуге жақын, одан бөлек клуб орталық қорғаушы мен жартылай қорғаушы алуды жоспарлаудаі. Бұл маусымда осы екі позицияда әлсіздің байқалған.

“Реал Мадрид” жаңадан ойыншы сатып алу үшін Премьер лига клубтарының көздеп отырған ойыншысын сатуға дайын

Қорғанысты күшейту мақсатында “Реал” Дин Хёйсенді зерттеудк, ал ортадағы мәселелерді шешу үшін Мартин Субименди есімімен тығыз байланыстырып отыр. Алайда қазіргі таңда бұл екі ойыншыны алу мүмкін болмай тұр, себебі “Реал Мадридтің” олардың трансфері үшін бәсекелесуге қаржысы жетпейді.

Дегенмен, қатардағы жоғары деңгейдегі бір ойыншыны сату арқылы жағдай өзгеруі мүмкін. Родриго Гоэс Испания Кубогының финалында тағы бір нашар ойын көрсеткен соң “Реал Мадрид” оны сатуды қарастыра бастаған. Бұл шешім қорғаныс пен орталық алаңға маңызды трансферлерді қаржыландыру үшін қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Diario AS.

Клуб шабуыл шебінде Винисиус Жуниор мен Килиан Мбаппе негізгі тірек болатынын ашық мәлімдеді. Әсіресе, Винисиус алдағы апталарда жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Осы ұстаным Родригоның болашағына қауіп төндіріп, оның командадан кету ықтималдығын арттырды. Бұл жағдайға бірнеше Премьер лига клубтары, соның ішінде “Манчестер Ситидің” қызығушылығын танытуда.

“Реал Мадрид” жазда Родригоны сатуға тырысуы мүмкін, бірақ келісім тек Бразилиялық ойыншының кеткісі келетін-келмейтініне байланысты болады дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×