Рауан чемпион атанды

15.12.2011, 03:19
Рауан чемпион атанды
Қазақтың бағына біткен жас аяқдопшымыз Рауан Сариев Бразилиядағы карьерасын жалғастыруда. Бұл футболшы туралы хабар азайып кеткен еді. Енді сіздерге жақсы жаңалық айтпақшымыз. Мұхит асып кеткен Рауан Минейроның чемпионы атаныпты. Соңғы төрт жылда бірінші рет. Бас-аяғы 50 команда жиналған бәйгеде Рауан «Атлетик Минейро» сапында әріптестерімен басып озып, кубокті көкке көтерді. Айта кетерлік бір жайт, жерлесіміз бұл додада бір рет гол соғып, көзге түсіпті. Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×