Рауль Джалилов: «Жарақат алған жеріме 16 тігіс жасалды»

17.03.2021, 04:27
Поляков бұл әрекеті үшін қызыл қағаз алған еді.
Рауль Джалилов: «Жарақат алған жеріме 16 тігіс жасалды»

Қазақстан чемпионатының алғашқы турында «Қайратпен» болған матчта жарақат алған «Жетісудың» жартылай қорғаушысы Рауль Джалилов жақын арада қатарға қосылуы керек. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында футболшы өзінің жарақаты жайлы және басты себепкер Денис Поляков туралы пікір білдірді.

- Поляковпен болған эпизодтан кейін сіз алаңнан өз бетіңізше кете алмадыңыз. Жарақат қаншалықты ауыр болды?

- Сол эпизодта соққы жамбастың төменгі бөлігіне тиді, мен ауыр жарақат алдым және ойынды жалғастыра алмадым, мені дереу ауруханаға жеткізіп, жарақат алған жеріме 16 тігіс жасалды. Рентгенге түсірген едік, Құдайға шүкір, барлық сүйектер мен байламдар бүтін екен. Екі аптадан кейін тігістер алынып тасталады, мен қайтадан дайындыққа оралатын боламын.

- Поляков қызыл қағаз алды. Сіз бұл шешіммен келісесіз бе?

- Менің ойымша, иә, бұл сәтте қызыл қағаз көрсетілу керек. Егер жарақатым ауыр болмағанда, ол ойнауын жалғастыруы мүмкін еді.

- Поляков ойыннан кейін сізге келді ме?

- Ия, ол маған ойыннан кейін хабарласты, біз онымен сөйлестік, ол менен кешірім сұрады, жай ғана допқа ойнағысы келгенін және қасақана жасамағанын айтты.

- «Жетісу» «Қайраттан» ұпай алатын ба еді?

- Менің ойымша, бұл күні «Қайрат» ойнай алған жоқ. Ия, олардың мүмкіндіктері болды, бірақ оларды жүзеге асыра алмады. Біз бірінші таймда жақсы қорғандық, екінші таймда олар бір ойыншыға кем ойнады, сондықтан мен, әрине, бұл матчта ұпай аламыз деп ойладым. Біз тек бұл маусымдағы алғашқы ойынымызды өткіздік, менің ойымша, біздің қолымыздан көп нәрсе келеді!

Жарақат - футболшы үшін ең жаман нәрсе. Мен мүмкіндігінше тезірек қалыпқа келіп, алаңға оралуға тырысамын. Барлық достарыма және жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы үшін үлкен рахмет. Барлығына денсаулық тілеймін және жарақаттан аман болсын!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×