Рауль Хименес Италияда өнер көрсетуі мүмкін

14.08.2020, 13:41
Биылғы маусымда 27 гол соққан екен. Моратаға қарағанда жақсы таңдау...
Рауль Хименес Италияда өнер көрсетуі мүмкін

«Вулверхэмптон» командасының шабуылшысы Рауль Хименес «Ювентустың» трансфердегі басты мақсаттарының бірі болып қала береді, дейді инсайдер Николо Шира.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшының агенті Хорхе Мендес бірнеше апта бойы өз клиентінің италиялық клуб сапына ауысуы бойынша жұмыс істеп келеді.

«Ювентус» әлі де Гонсало Игуаиннің орнын басатын шабуылшы іздестіріп жатыр. Бұған дейін «қарт сеньора» «Рома» шабуылшысы Эдин Джекомен келіссөздер жүргізіп жатқандығы хабарланған болатын. Бірақ Хименес - клубтың негізгі трансферлік мақсаты. Команданың жаңа жаттықтырушысы Андреа Пирло мен клубтың спорт директоры Фабио Паратичи дәл осы ойыншының ауысуын қалап отыр.

Хименес өткен маусымда барлық турнирлерде 55 матч өткізіп, 27 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Ойыншының «қасқырлармен» келісімі 2023 жылдың шілдесіне дейін жарамды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×